Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Өскемен қаласындағы «Dosjan temir joly» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында балалар үйіне заманауи теледидар мен үтіктеу жүйесі табысталды. Көрсетілген көмек балалардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға және олар үшін жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік мекемелерді қолдау және қайырымдылық бастамаларға қатысу «Dosjan temir joly» АҚ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қоғам алдағы уақытта да игі істер дәстүрін жалғастырып, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ұйым ретіндегі ұстанымын нақты істермен дәлелдей береді.
