Компания жайлы
Қоғам туралы
«Dosjan temir joly» АҚ (бұдан әрі - «Қоғам») 2005 жылғы наурыз айында «Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы «04» желтоқсандағы № 735 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы «18» қаңтардағы №21 қаулысымен бекітілген жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шар станциясы-Өскемен» темір жол желісін (бұдан әрі – «Объект») салу және пайдалану жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін және мемлекеттің тиімді көлік желісін қалыптастыру және дамыту мақсатында құрылды.
Объектіні салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің атынан Үкіметтің және Қоғамның арасында 2005 жылғы «06» шілдеде «Шар станциясы – Өскемен» темір жол желісін салуға және пайдалануға Концессиялық келісім жасалды.
Концессиялық негізде жүзеге асырылатын «Шар станциясы - Өскемен» темір жол желісін салу – мемлекеттік-жекешешелік әріптестік қағидаттарымен іске асырылатын Қазақстан Республикасындағы және жалпы ТМД елдеріндегі алғашқы жоба.
Темір жол желісін салуға дейін Шығыс Қазақстанның республиканың басқа өңірлерімен қатынасуы Ресей Федерациясының аумағындағы Локоть стациясы арқылы іске асырылған. Жүк жөнелтуші кәсіпорындар үшін бұл қосымша көлік шығындарымен және кедендік, шекаралық шаралардан өту қажеттілігіне байланысты уақыт шығындарымен ілесетін.
Қоғам салған темір жол қолданыстағы жүк ағындарының қайта бөлінуін қамтамасыз етті және Защита (Өскемен) – Локоть (Ресей) – Семей (солтүстік-батыс және оңтүстік бағыттар) бағдары бойынша жүктер тасымалдауды өзіне қабылдады.
Сондай-ақ, «Шар станциясы – Өскемен» темір жол желісі бойынша «Астана - Нұрлы Жол - Риддер» бағыты бойынша қатынайтын №№375/376 жолаушылар пойыздары жүреді.
Техникалық сипаттамалар
«Шар станциясы – Өскемен» темір жол желісі біржолды желі болып табылады. Учаскенің пайдаланушылық ұзындығының қашықтығы – 151 км, басты жолдардың ұзақтылығы – 147,98 км, станциялық жолдардың ұзақтылығы – 14,7 км құрайды. Темір жолдің алты жеке бекеттері бар: үш жол айырығы - Сарыжал, Борсақ, Ұлан (Молодежное) және үш станциясы – Айыртау (Завидное), Шалабай және Екаша.
Темір жол құрылысында Теміржол көлігі саласындағы ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері пайдаланылды. Оның ішінде, микропроцессорлық негіздегі жолдарды автоматты бұғаттау жүйесі (АБТЦ-М) пайдаланылған, ол пойыздардың қозғалу кестесін айтарлықтай оңтайландыруға және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Иерархиялық құрылымды, заманауи элементтік базаны және өндіріс технологиясын, блокаралық кабельді монтаждауды өнеркәсіптік жасауды қолдану және бағдарламалық-аппараттық құралдардың өздігінен диагностикалауы есебінен АБТЦ-М сенімділігі және жұмыс ресурсы, сондай-ақ, құрылғының кедергілерге төзімділігі жоғары болып табылады.
ДЦ құрылғыларымен үйлесімділікті қамтамасыз ететін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, станциядағы бағдарларды орнату, тұйықтау мен ажыратуды орындайтын микропроцессорлық құрылғылар кешені болып табылатын «Диалог» МПЦ жүйені қосымша енгізілген.
Одан басқа, бүкіл жолдың бойымен темір жол төсеміне параллель өндірістік процестерді автоматтандыру мен ақпараттандырудың негізі болып табылатын талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) салынған. Темір жол желісінің объектілерін электрмен тұрақты жабдықтау үшін екі жоғарывольтты электр жеткізу желілері бар, олар темір жолдың техникалық құралдарының жұмысындағы шалыссыз, энергияның тұрақты жеткізілуіне кепілдік береді.
Бәсекелік артықшылықтар
«Шар станциясы – Өскемен» темір жол желісін салу республиканың шығысындағы ұлттық темір жол желісін дамытуға септігін тигізді және төмендегілерді:
• кедендік және шекаралық шаралардан өтумен, Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны екі рет кесіп өтуді болдырмайтын, жүктерді жеткізу уақытын 12-14 сағатқа қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа темір жол бағдарын құруды;
• халықаралық көлік дәліздеріне ең қысқа жолды;
• жүктерді тасымалдау қашықтығын оңтүстік бағытта 328 км және солтүстік-батыс бағытта 92 км қысқартуды;
• өнімнің түпкі бағасындағы тасымалдау шығындарының үлесін төмендетуді;
• көлік коммуникацияларын қосымша коммерциялық қызметті дамыту үшін пайдалануды;
• өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасауды, өңіраралық байланыстарды дамытуды және халықтың жұмылғыштығын арттыруды қамтамасыз етті.
• темір жол габариттік емес жүктерді қабылдауға мүмкіндік береді, ол стандартты емес жүктерді тасымалдау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
• Қоғам жолының өткізу қабілеті жылына 10,4 млн тонна жүкті құрайды.
• локомотив күшінің түрі – тепловоздық.
Қоғамның көрінісі
Темір жол инфрақұрылымының қызметтерін ұсынатын, Қазақстан Республикасындағы нәтижелі және инновациялық темір жол компаниясына айналу.
Қоғамның миссиясы
«Шар станциясы – Өскемен» темір жол желісін концессиялық келісімге сәйкес тиімді пайдалану.
Қоғамның мақсаттары
• Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету• Облигациялық және басқа қарыздар мен кредиттер бойынша сыйақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін қаржылық негіз қалыптастыру
• Әзірленген қаржылық-экономикалыұ үлгіге сәйкес концессиялық келісім мерзімінің аяқталуына дейін концессионердің негізгі қарызын толық өтеу
• Темір жолды тиімді пайдалану және ұстау
• Дивидендтер төлеу арқылы Қоғам акционерлеріне инвестицияларды қайтару
• Шар станциясы – Өскемен темір жол желісін пайдалануға жұмылдырылу және бейінді емес қызмет түрлерін тоқтату
• ҚНК және еңбек нарығының стандарттарына сәйкес кадрлық құрамды ынталандыру жүйесін енгізу арқылы Қоғамның тиімді қызметін қамтамасыз ету
Қоғамның жоғарыда көрсетілген мақсаттарына жылдам және тиімді жетуі үшін, «Делойт ТСФ» ЖШС Консалтингтік компаниясы 2018-2028 жылдарға арналған Қоғамның Даму стратегиясы әзірленді, бұл Стратегияны Қоғам нәтижелерге жеткенше ұстанатын болады.
Қоғамның құндылықтары
Қауіпсіздік – ең жоғары басымдық. Қоғам өз қызметінде кадрлық құрамның толық қауіпсіздігін сақтау және қоршаған ортаға барынша ұқыпты әрі оңтайлы қарауды қамтамасыз ету үшін қағидалар мен іс-шаралар жүйесін пайдаланады.
Тиімділік. Қоғам үздік шешімдер қабылдау және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін меншікті кадрлық және материалдық ресурстарды барынша артық ұтымдылықпен, өнімділікпен және тиімділікпен пайдалануға тырысады.
Әлеуметтік жауапкершілік. Қоғам өз қызметін салық, еңбек, экологиялық заңнаманың қатаң орындалуы үшін жауапкершілікті қабылдаумен, міндеттердің анық әрі құрылымдалған қойылуын, біркелкі жұмыс жүктемесін жоспарлауды және лайықты еңбек жағдайларын қарастыратын сауатты басшылық етуге ұмтылумен жүргізеді.
Көшбасшылық. Қоғам үздік тәжірибелерді пайдалану, бәсекелік артықшылықтарды құру және бірегей қасиеттерінің арқасында, инновацияларды енгізу және операциялық қызметінің технологиялары мен процестерін жетілдіре отырып, өз саласындағы көшбасшы болуға тырысады.
Тұрақтылық. Қоғам ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерге төзімділік үшін жағдай жасау арқылы қаржылық және кәсіби тұрақтылыққа ұмтылады.
Негізгі қызмет түрлері
- «Шар станциясы – Өскемен» жаңа темір жол желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімді іске асыру;
- «Шар станциясы – Өскемен» жаңа темір жол желісін және темір жол тасымалдарын іске асыру үшін қажетті басқа объектілерді салу;
- «Шар станциясы – Өскемен» жаңа темір жол желісін және темір жол инфрақұрылымының басқа объектілерін пайдалану;
- көлік құрылысын, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысын жобалаудың барлық кезеңдерінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- инженерлік-техникалық мәселелер бойынша консалтингтік қызметтер көрсету;
- топографиялық-геодезиялық және инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізу;
- көлікті дамытудың бас сұлбаларын әзірлеу;
- құрылысты авторлық қадағалау және бақылау;
- локомотив күшінің қызметтерін көрсету;
- қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлері және қызметтерді көрсету.
Қоғамның ағымдағы қызметі
• «Шар станциясы – Өскемен» жаңа темір жол желісінде тасымалдау процесін қамтамасыз ету;• «Шар станциясы – Өскемен» жаңа темір жол желісін және темір жол инфрақұрылымының басқа объектілерін пайдалану мен ұстау және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде Қоғам қабылдаған міндеттемелерге қызмет көрсету және өтеу;
• Қызметінің мақсаты және мәніне сәйкес қоғамның өкілдіктерін, филиалдарын, құрылымдық бөлімшелерін, еншілес және тәуелді ұйымдарын ұйымдастыру;
• қоғамның пайдалану кезеңінің ішінде инфрақұрылымдық объектілердің қанағаттанарлық техникалық жағдайын қамтамасыз ету;
• Инфрақұрылымдық объектілерде экологиялық мәдениетті қамтамасыз ету үшін келісімді аумақта тиімді табиғат пайдалану;
• Концессия объектісін және басқа инфрақұрылым объектілерін пайдалану.
Қоғамның тарихи қызметі
• жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
• құрылыс, жөндеу және іске қосу-реттеу жұмыстарын іске асыру үшін мердігерлік ұйымдарды тарту;
• жобалау құжаттамасы мен орындалған мердігерлік жұмыстарды сараптауды, сондай-ақ, жаңа инфрақұрылымдық объектілерді қабылдауды ұйымдастыру;
• Қоғамның бағалы қағаздарын шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру арқылы «Шар станциясы – Өскемен» темір жол желісін салу және пайдалану үшін қажетті қаражатты тарту;
• инвестициялар, концессиялық, инфрақұрылымдық және басқа жобаларды іске асыру үшін қажетті қаражатты тарту.
Акционерлер туралы мәлімет
«Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ |
48,94% |
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ |
46,02% |
«Қазжол-Инвест» АҚ |
2,86% |
«Таңбалы Тас» ЖШС |
2,18% |