2025 жылғы 24 маусымда Семей қаласындағы Электротехникалық колледжде теміржол мамандықтары бойынша оқитын бітіруші курс студенттерімен «Dosjan temir joly» АҚ-ның Шығыс Қазақстан филиалының директоры А.И Рахимов кездесті.
Кездесу барысында студенттерге компанияның қызметі, даму тарихы және Шығыс Қазақстан аймағындағы теміржол саласының дамуына қосып жатқан үлесі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары, еңбек шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар және «Dosjan temir joly» АҚ-да қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер жүйесі таныстырылды.Филиал директоры студенттерге компанияда кәсіби және мансаптық өсудің мүмкіндіктері, оқыту, тәлімгерлік және біліктілікті арттыру бағдарламалары туралы айтып берді. Бұл бағдарламалар жас мамандардың жаңа ортаға тез бейімделіп, кәсіби тұрғыдан дамуына ықпал етеді.
Мұндай кездесулер студенттерге теміржол саласындағы нақты жұмыстың мазмұнын терең түсінуге, өз кәсіби мақсаттарын айқындауға және табысты еңбек жолына алдын ала дайындалуға көмектеседі. Ал компания үшін бұл – кадрлық резервті қалыптастырудың және мақсаткер, белсенді түлектерді өз командасына тартудың маңызды қадамы.
«Dosjan temir joly» АҚ білім беру ұйымдарымен әріптестікті жоғары бағалайды және білікті мамандарды даярлауды Қазақстан теміржол саласының тұрақты дамуының кепілі деп санайды.
