2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 288 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 03 қазан мен 06 қазан аралығында "Dosjan temir joly" АҚ "Шығыс Қазақстан филиалында күзгі комиссиялық тексеру жүргізілді.
Күзгі комиссиялық қарап тексеруді жүргізудің мақсаты "Dosjan temir joly" АҚ "Шығыс Қазақстан филиалы" жұмыскерлерінің жол шаруашылығындағы, ДОБ шаруашылықтарындағы, байланыс және электрмен жабдықтау, қозғалыс шаруашылығындағы, вагон шаруашылығындағы, ғимараттар мен құрылыстардағы объектілер мен техникалық құралдардың жай-күйін, поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйін, еңбекті қорғауды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын тексеру болып табылады, сондай-ақ барлық қызметтер мен инфрақұрылымның 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығын қадағалау.
Күзгі комиссиялық тексеру барысында мынадай іс-шаралар өткізілді: қарап-тексеруді ұйымдастыру, қарап-тексеру жүргізу, қарап-тексеру нәтижелерін ресімдеу, қарап-тексеру нәтижелерін қарау, қарап-тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою, қарап-тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жоюды бақылау.