Іскерлік бағдарлама аясында көлік қауіпсіздігі, интеллектуалды көлік жүйелері және жасанды интеллект пен заттар интернеті (IoT) негізінде инфрақұрылымды бақылау саласында маманданған жетекші корей компанияларымен кездесулер өтті.
Келіссөздердің нәтижесінде бірқатар компаниялармен ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттар айқындалды, соның ішінде:
▪ KSI Co., Ltd. – теміржол өткелдеріне жануарлардың шығуын болдырмау технологиялары;
▪ DONG IL Engineering Consultants – көпірлердің жай-күйін бақылау датчиктері;
▪ SungKyunKwan University Corporate Collaboration Center – жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитика жүйелері;
▪ Dareesoft Inc. – теміржол жолдарын нақты уақыт режимінде сканерлеу жүйелері;
▪ SQ Engineering – көпір құрылыстарының жағдайын бақылауға арналған қолжетімді шешімдер.
Көрмеге қатысу халықаралық серіктестік байланыстарды кеңейтуге, нарықтың заманауи үрдістерін зерделеуге және Қазақстан теміржол инфрақұрылымының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды енгізу бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
