IQanat - еліміздің барлық ауыл оқушыларына сапалы білім алуға мүмкіндік беруге бағытталған бірегей білім беру-әлеуметтік жоба. Жоба мыңдаған ауыл оқушыларын гранттық негізде ЖОО-ға түсуге дайындайды. IQanat республикалық мәртебеге ие және қазірдің өзінде еліміздің барлық 166 ауданын қамтиды.
IQanat-тың басты мақсаты-ауыл балаларына өзін-өзі көрсетуге, өзін-өзі бағалауды арттыруға көмектесу, оларға қала балаларымен қатар сапалы білім алуға және үздік жоғары оқу орындарына гранттарға түсуге мүмкіндік беру.
Алты жыл ішінде Олимпиадаға 200 мыңнан астам ауыл балалары қатысты, олардың 6000-ы 3 жылдық даму бағдарламасымен, 55000 – ы мотивациялық тренингтермен қамтылды. Тек 2022 жылы IQanat-тың 26 түлегі шетелдік жоғары оқу орындарына (АҚШ, Канада, Литва, Италия, Түркия, БАӘ, Ресей) түсіп, 575 түлегі қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері атанды. Бағдарлама түлектерінің жалпы санынан 86,4% грантқа түсті.
Жобаны қамтуды ұлғайту үшін "IQanat білім беру қоры" қоғамдық қоры қазақстандық бизнесті ауыл балаларының игілігі үшін бірыңғай миссиямен бірігуге шақыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Біздің ұйым 2023-2024 оқу жылына Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы бойынша IQanat қорының қамқоршысы болды.
"Dosjan temir joly" АҚ әлеуметтік-жауапты компанияның саясатын ұстана отырып, әлеуметтік ортаны жақсартуға және азаматтық қоғамды дамытуға ықпал ететін білім беру саласындағы басқа да жобаларды қолдайды.
IQanat жобасы аясында ағымдағы жылдың 31 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 8 сынып оқушылары арасында "Айқанат" Олимпиадасының бірінші туры өтті, оған "Dosjan temir joly" АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары - Шығыс Қазақстан филиалының директоры Нұрлан Серікжанұлы Әділбаев қатысып, оқушыларды біздің компанияның қызметімен таныстырды.
Балаларға жарқын болашаққа жету жолында жеңіс пен сәттілік тілейміз!