АҚ «Dosjan temir joly» Орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан филиалының, «DTJ Service» ЖШС және «DTJ Commerce» ЖШС басшылығы үшін Асель Нарымбетованың «Дизайн-ойлау» тақырыбындағы екі күндік авторлық тренингі өткізілді.
Тренинг барысында қатысушылар дизайн-ойлау әдістемесімен және оның мүдделі тараптардың қажеттіліктерін анықтауға, басқарушылық және ұйымдастырушылық шешімдерді әзірлеу мен тестілеуге бағытталған практикалық құралдарымен танысты.
Оқу бағдарламасы жүйелі және командалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кәсіби қызметте заманауи тәсілдерді қолдануға бағытталды.
