Кездесу барысында Қасым Қайсенов кентінің маңында Көлік-логистикалық кешенін салу перспективалары талқыланды.
Жобаны «Dosjan temir joly» АҚ-ның еншілес ұйымы – «DTJ Commerce» ЖШС жүзеге асыруда. Ол Өскемен қаласына жақын орналасқан стратегиялық тұрғыдан тиімді аймақта заманауи жүк шоғырландыру және тарату орталығын құруды көздейді.
«Dosjan temir joly» АҚ аталған жобаның өңірдің экономикасын дамытудағы стратегиялық маңызын және көлік-логистикалық әлеуетті нығайтуға қосатын үлесін атап өтті. Өз кезегінде облыс әкімі жобаның инвестициялық тартымдылығын және шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталғанын жеткізді. Сондай-ақ жобаны өңірлік инфрақұрылымға интеграциялау мәселелеріне, оның ішінде ШҚО-ның басым жобалар тізіміне енгізу және елдің ұлттық инвестициялық жобалар пулына қосу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвесторларды қолдаудың мемлекеттік механизмдері («бір терезе» қағидаты) мен ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында өзара конструктивті ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Өз кезегінде «Dosjan temir joly» АҚ жобаның жоғары сапа стандарттары мен әлеуметтік бағдарға берік ұстанымын растады.
Көлік-логистикалық кешенді іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, бизнестің
мүмкіндіктерін кеңейтуге, жүк тасымалдау тиімділігін арттыруға және Қазақстан
Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес заманауи
логистикалық инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2025 жылғы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Dosjan temir joly» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сақпен жұмыс кездесуін өткізді
12 сентября 2025
Жаңалықтар DTJ
Кеңес қажет пе?
Біздің мамандар кез келген сұраққа жауап береді
Задать вопрос
2
/ 2
