2023 жылдың 10 наурызда "Dosjan temir joly" АҚ мен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының "Үміт "өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" МКК арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Меморандумның мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады.
Қайырымдылық акциясы аясында Басқарма Төрағасы Сақ Нұрлан Ибадуллаұлы мекемеге жазғы сауықтыру лагеріндегі тұрмыстық қажеттіліктерге қажетті тіркемені табыс етті.
Қоғам балаларды одан әрі қолдауды және теміржол көлігі саласындағы түлектерді кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді жоспарлап отыр.