Исинаманов Борис Александрович өзінің бай тәжірибесі мен білімін "Dosjan temir joly" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі бола отырып, республиканың Шығыс Қазақстан өңірінің "Шар-Өскемен" теміржол желісінің қызметіне жұмсайды.
Борис Александровичтің өмір жолы мен кәсіби қызметі анық мақсат пен адалдықтың дәлелі болып табылады. Ол әрқашан жұмысқа үлкен қабілеттілігімен, таусылмайтын энергиясымен, мақсаттылығы және ынта-жігерімен ерекшеленеді. Көп жылдар бойы теміржолшылардың бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Жоғары дәрежелі кәсіпқой ретінде өзінің үлкен жұмыс тәжірибесін жас ұрпаққа үздіксіз беріп, өзінің мемлекетіне пайдалы болуға деген жоғары ұмтылысымен және ықыласымен әрдайым ерекшеленді. Борис Александрович өз ісінің маманы.
Тәжірибелі теміржолшы және шебер ұйымдастырушы ретінде ол Шар-Өскемен теміржол желісіне қызмет көрсетуді сервистік қызмет көрсетуге ауыстыруға қатысты, бұл экономикалық жағынан да, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан да оң нәтиже берді. Қоғамның стратегиялық міндеттерін орындау бойынша іс-шараларға белсенді қатысады.
Теміржолға деген махаббат Борис Александровичке бала кезінен келді. Орынбор облысы Новопокров ауданы Сара станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Әкесі жолшы болып жұмыс істеді, жөндеу жұмысшысын бастап, аға шеберге дейін өсті. Оның анасы темір жол желісі қиылысының кезекшісі. Ол Никельтау станциясындағы мектепте оқыды, кейіннен сонда отбасы көшіп келді.
1961 жылы Ақтөбе темір жол техникумын бітіргеннен кейін, әкесінің жолын қуып, Қазақ темір жолының Ақтөбе бөлімшесінің Никельтау жол дистанциясының жол жұмыскері болып еңбек етті. Бригадир және жол шебері, жол дистанциясының бастығы, жол бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеді. "Хромтау-Алтынсарин" (404,5 км) жаңа темір жолының құрылысын басқарды, "Жетіген-Харгос" (235 км), "Арқалық-Шұбаркөл" (225 км), "Жезқазған-Сексеуіл" (494,5 км) және екінші "Алматы-Шу" (110 км) темір жолдарының құрылысына қатысты).
Жоғарыда аталған барлық құрылыс объектілері мемлекеттік маңызды бар және бүгінде Қазақстанның Қытаймен, Оңтүстік - Шығыс Азия, Еуропа және Ресей Федерациясы елдерімен экономикалық және көліктік байланыстарының дамуына ықпал етеді.
Бүгінде ол темір жол саласында танымал тұлға. Борис Александрович "Құрмет белгісі" және III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік ордендерінің иегері, екі мәрте құрметті теміржолшы, техника ғылымдарының кандидаты.
Биыл көп жылғы және жемісті еңбегі үшін Исинаманов Борис Александрович ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен "Еңбек Ардагері"медалімен марапатталды.
Құрметті Борис Александрович! Сіздің көп қырлы қызметтеріңіз, темір жолдың өркендеуі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз жоғары бағаға лайық. Баға жетпес еңбегі, алтын қолдары, мейірімді жүрегі мен әділдігі үшін алғыс білдіргіміз келеді. Сізге зор денсаулық тілейміз, сіз әлі де ұзақ жылдар бойына жас ұрпаққа барынша мол тәжірибе бер