Темір жол маңында қараусыз жайылып жүрген мал көбінесе темір жол көлігінің тұрақты жұмысының бұзылуына себеп болады. Жануармен соқтығысу тек малдың өліміне ғана емес, сонымен қатар локомотив пен теміржолдығ зақымдануына байланысты Қоғамның қаржылық шығындарына да әкеледі және жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етеді. Мұндай жағдайлар жүк және жолаушылар пойыздарының кешігуіне әкеледі.
Шар-Новоусткаменогорск (НУК) 151 км теміржол желісінде жалпы ұзындығы 260 400 м (қамту 86,2%) қоршау бар, оның ішінде сол жағы бойынша – 129 600 м (қамту 85,8 %), оң жағы бойынша - 130 800 м (қамту 86,6 %).
Акционерлік қоғам қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында ағымдағы жылы Шар-Новоустькаменогорск теміржол желілерінде Шар – Сарыжал аралығы – 1300 метр, Сарыжал станциясы – 1000 метр, Шалабай станциясы – 2000 метр, Шалабай-Бурсак аралығы – 300 метр, Бурсак станциясы – 300 метр, Бурсак-Екаша аралығы - 200 метр, Екаша станциясы – 700 метр, Айыртау – Ұлан аралығы - 600 метр, Ұлан айрығы - 400 метр ұзындықта темір жол төсемін қараусыз қалған малдардан қорғайтын сым қоршау салу жоспарлануда.