"Dosjan temir joly "АҚ (бұдан әрі-Қоғам) "Шығыс Қазақстан филиалы" "Шар - Новоустькаменогорск" теміржол желісі учаскесінде қараусыз қалған малдың теміржолға шығу жағдайларының жиілеуіне байланысты, пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге байланысты қалыптасқан жағдайға алаңдаулы.
2022 жылдың 5 ай және 23 күн ішінде Шар-Новоустькаменогорск учаскесі бойынша пойыз машинистері 8 оқиға шұғыл тежеу қолданды, оның ішінде 3 оқиға малға соғылумен және 7 қызметтік тежеу малдың темір жолға шығуына байланысты, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып 5 оқиға шұғыл тежеу, оның ішінде 3 оқиға малға соғылумен және 6 оқиға қызметтік тежеу жағдайларымен аяқталды. "Dosjan temir joly" АҚ-ның "Шығыс Қазақстан филиалымен" оның мердігер ұйымы тарапынан, Жарма және Ұлан аудандары әкімшіліктерінің және ЖПБ қызметкерлерімен тұрақты түрде жүргізіліп отырған жұмыстарға қарамастан, малдың темір жолға шығу статистикасы еш кемімейді.
Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мал жаю кезінде, сондай-ақ оны Шар-Новоустькаменогорск учаскесінің темір жол полотносы арқылы айдап өту кезінде мал жаюмен айналысатын немесе мал айдайтын барлық адамдар темір жол полотносы арқылы мал айдау жөніндегі осы ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті.
Темір жолда үй жануарларының пайда болуы – фермерлік шаруашылықтардың басшылары мен жеке меншік иелерінің мал жаюының жалпы қабылданған нормалары мен белгіленген ережелеріне адал қарамауының нәтижесі. Теміржол төсемінің жанында қараусыз қалған мал иелерінің немқұрайлылығы арқасында өте қымбатқа түседі: жануар өледі, локомотивтерге елеулі зақым келеді, жолдың жоғарғы құрылымының элементтері деформацияланады. Мұның барлығы поездардың тоқтап және кідіруіне, жүктер мен жолаушылардың уақтылы жеткізілмеуіне, локомотивтердің қымбат жөнделуіне әкеп соғады, бұдан басқа, малға соғылу жылжымалы құрамның рельстен шығуына, жүктің жоғалуына және жолаушылардың өліміне әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559 – бабының 1-тармағына сәйкес ат-арба көліктерінен (шаналардан) өту және жүк артылған, мініс малдары мен малдарын теміржолдар арқылы айдап өту, темір жолдарға бөлінген белдеуде мал жаю қағидаларын бұзу-ескерту жасауға немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, алайда мұндай шаралар қараусыз қалған мал иелерімен күресу кезінде қажетті нәтиже бермейді.
Қоғам Ұлан ауданының үй жануарларының иелері мен шаруа қожалықтарының басшыларын мал жаю ережелерін мүлтіксіз сақтауға және оның темір жолдарға шығуын болдырмауға табандылықпен шақырады.
Есіңізде болсын, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, жолаушылардың өмірі, тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігі, жеке қауіпсіздік және үй жануарларыңыздың қауіпсіздігі сіздің жауапкершілігіңізге байланысты!!!
Құрметпен,
"Dosjan temir joly" АҚ Шығыс Қазақстан филиалының ұжымы