2023 жылғы 14 ақпанда, «Dosjan temir joly» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас ревизоры А.И. Рахимовтың, «Dosjan temir joly» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының бас инженері Д.Н. Борбасовтың, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Семей қаласы бойынша МКҚК» филиалының Өскемен пайдалану локомотив депосы бастығының міндетін атқарушы А.Н. Бутабаевпен бірге және Өскемен пайдалану вагон депосы бастығының орынбасары Р.Қ. Мұхамеджановтың қатысуымен Шар – Ново-Усть-Каменогорск темір жол учаскесінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша шешуші кеңес өтті.
Жиынға «Dosjan temir joly» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы және Өскемен пайдалану локомотив депосы еңбек ұжымдарының қызметкерлері, сондай-ақ Өскемен пайдалану вагон депосының қызметкерлері шақырылды.
Кездесу барысында «Dosjan temir joly» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас ревизоры А.И. Рахимов Өскемен пайдалану локомотив депосының бастығы А.Н. Бутабаевпен бірге жиналғандарды 2023 жылғы қаңтар және ақпан айының 10 күніндегі Шар – Ново-Усть-Каменогорск учаскесіндегі пойыздар қозғалысының қауіпсіздік жағдайының талдауымен таныстырды.
«DTJ» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының бас инженері Д.Н. Борбасов негізгі мәжілістерді өткізудің басты міндеті, тасымалдау процесінде барлық құрылымдық бөлімшелерді біріктіру және өзара әрекеттесу, пойыздар қозғалысының кестесін орындау, пойыздық және маневрлік жұмыстардағы қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларының себептерін анықтау, локомотив бригадаларының еңбек және демалыс режимінің бүзылуы, жұмыс барысындағы бұзушылықтар және олардың алдын алу шараларын қабылдау болып табылатынын атап өтті.
Сондай – ақ, тораптық кеңесті өткізу кезінде еңбек ұжымдарының қызметкерлері Шар – Ново-Усть-Каменогорск теміржол учаскесінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және еңбек ұжымдарының алдына қойылған міндеттерді өзара шешуге қатысты өндірістік мәселелер бойынша пікір алмасты.