2022 жылдың 6 айында бейнебақылау құралдарымен жол ережелерінің бұзу фактісі, өткелде тыйым салу сигналына өтуіне қатысты 6 жағдай тіркелген. Барлық жағдайда құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 607-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тіркелеген жол ережелерін бұзу фактілері 2021 жылы тіркелген жағдайларға қарағанда 10 рет азайғандығы байқалады.
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «ДТЖ» АҚ Ұлан АІІБ-мен бірлесе отырып, көлік жүргізушілерімен және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты түрде темір жол өткелдерінде жүру ережелері туралы парақшаларды тарату арқылы профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.