2022 жылғы 31 тамыздағы № 139-НҚ бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында "Dosjan temir joly" АҚ "Шығыс Қазақстан филиалында күзгі комиссиялық тексеру жүргізілді.
Күзгі комиссиялық қарап тексеруді жүргізудің мақсаты "Dosjan temir joly" АҚ "Шығыс Қазақстан филиалы" жұмыскерлерінің жол шаруашылығындағы, ДОҚ шаруашылықтарындағы, байланыс және электрмен жабдықтау, қозғалыс шаруашылығындағы, вагон шаруашылығындағы, ғимараттар мен құрылыстардағы объектілер мен техникалық құралдардың жай-күйін, поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйін, еңбекті қорғауды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын тексеру болып табылады, сондай-ақ барлық қызметтер мен инфрақұрылымның 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығын қадағалау.
Күзгі комиссиялық тексеру барысында мынадай іс-шаралар өткізілді: қарап-тексеруді ұйымдастыру, қарап-тексеру жүргізу, қарап-тексеру нәтижелерін ресімдеу, қарап-тексеру нәтижелерін қарау, қарап-тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою, қарап-тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жоюды бақылау.