Шар-Новоустькаменогорск учаскесі бойынша пойыздардың қауіпсіз және кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда «Dosjan temir joly» АҚ «Шығыс Қазақстан филиалы» және теміржол желісін ұстаумен айналысатын мердігер ұйым қызметкерлері көктемгі және нөсер суларын өткізу бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізуде.
Шар-Новоустькаменогорск учаскесінің барлық бөлек пункттерінде көктемгі және нөсер суларын өткізу үшін жедел топтар құрылды.
Таулы және су бұрғыш арықтарды, ойықтардағы кюветтерді, шағын көпірлер мен құбырлардың шығу және кіру жолдарын қардан тазарту, су арналарын мұздан тазарту, қыс уақытына құбырлардың саңылауларына жабылатын ағаш қалқандарды жинау жұмыстары жүргізілуде.
Шар-Новоустькаменогорск учаскесі бойынша сең жүру, көктемгі және нөсер суларын өткізу кезеңі басталысымен жер төсемінің шайылуына немесе деформацияға ұшырайтын барлық қауіпті орындар «Dosjan temir joly» АҚ «Шығыс Қазақстан филиалы» және оның мердігерлік ұйымының қызметкерлерімен күнделікті локомотивпен айналым жасалуда, сонымен қатар жол жөндеушілер өз бөлімшесінде арнайы қадағалаулар жүргізуде.
Сәуір айының басында тиісті аумақтық ұйымдармен және иеленуші ұйымдармен бірлесіп Жарма және Ұлан аудандары бойынша гидротехникалық құрылыстардың (бөгеттер мен су қоймаларының) жай-күйіне нақты тексеру жүргізу жоспарлануда.