"Dosjan temir joly" АҚ Шар-Жаңа-Өскемен учаскесінің теміржолшылары қолайсыз метеожағдайлар салдарымен күресуде
2021 жылдың наурыз айында Шар-Жаңа-Өскемен учаскесі бойынша "Dosjan temir joly" АҚ "Шығыс Қазақстан филиалының" және "СпецСервис-Құрылыс" ЖШС теміржол желісін ұстаумен айналысатын мердігер ұйымның қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде және қатты қардың салдарын жоюда. Жол дистанциясының жұмысшылары бағыттамалық бұрмаларды, аралықтық және станциялық жолдарды, ойықтарды тәулік бойы тазалайды. Новоустькаменогорск станциясы бойынша жол дистанциясы бастығының басшылығымен 2-ші кезектегі бригада жолдарды және бағыттамалы бұрмаларды тазалау бойынша жұмыс ұйымдастырды. Бүгінгі таңда басты міндет пойыздар қозғалысы кестесінің бұзылуына жол бермеу және Шар-Жаңа-Өскемен учаскесі бойынша жылжымалы құрамды үздіксіз және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында теміржол мен ойықтардан шамамен 29-31 мың текше метр қар шығарылды. Шар-Жаңа-Өскемен учаскесі бойынша 3 жүк тиегіш, ДТ-75, К-700 СФР, экскаватор, теміржолдын қарын тазалау техникасы СДП-М2 жұмыс жасауда.