Көктемгі комиссиялық тексерудің мақсаты – жол құрылыстарындағы объектілер мен техникалық құралдардың жай-күйін тексеру және бағалау, сигнализация объектілеріндегі, байланыс және электрмен жабдықтаудағы, қозғалысты ұйымдастырудағы, вагон шаруашылығындағы, ғимараттар мен құрылыстардағы объектілер мен техникалық құралдардың жай-күйін, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйін, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, «Dosjan temir joly» АҚ «Шығыс Қазақстан филиалы» қызметкерлерінің қыстан шығу үшін еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауы, сондай-ақ барлық қызметтер мен инфрақұрылымды 2023-2024 жж. қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау.
Көктемгі комиссиялық тексерудің қорытындысы бойынша барлық қызметтердің нысандары мен техникалық құралдарының жағдайы қанағаттанарлық деп танылды. Түзету іс-шараларының жоспары әзірленді және анықталған ауытқуларды жоюдың мерзімдері белгіленді. Сондай-ақ «Dosjan temir joly» АҚ басшылығына адал еңбегі мен жұмысқа жауапкершілікпен қарайтыны үшін ерекшеленген қызметкерлерді марапаттау туралы өтініш берілді.