Қазақстанда темір жол жолаушылар тасымалының дербес қызметі 1998 жылғы 14 шілдеде «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымында «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құрудан басталды.
2002 жылы мемлекеттік кәсіпорын негізінде «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы құрылды.
2004 жылы қамсыздандыру және сервистік қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, ол оны негізгі қызметтен ажыратуға және жолаушылар тасымалын республикалық және жергілікті бюджеттерден мақсатты қаражаттандыруға бағытталды. Қайта құрылымдау бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрамында 6 акционерлік қоғамды құру бойынша жұмыс жүргізілді: «Алматы вагон жөндеу зауыты», «Вокзал – сервис», «Қала маңы тасымалы», «Жүк тасымалы», «Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы», «Вагонсервис», «Жолсерік-Алматы» ЖШС (2005 жылы «Жолаушылартранс» компаниясы болып атауы өзгертілді).
2004 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ұлттық тасымалдаушы мәртебесі меншіктелді.
Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрылымына 100% қатысуы бар 4 филиал: «Оңтүстік», «Батыс», «Солтүстік» және «Экспресс» және 2 еншілес компания («Қала маңы тасымалы» АҚ, «Вагонсервис» АҚ) кіреді.