Жүз жылдық межеден өткен бүкіл темір жол саласының қызметі тұрғысынан ұзан емес мерзім. Алайда, құрылысы мен пайдаланылуын «Dosjan temir joly» акционерлік қоғамы іске асыратын Шар-Өскемен темір жол учаскесінің «ерекшелігі» - жеке меншік инвестицияларды тартумен, яғни, концессия схемасы бойынша жүзеге асырылған саладағы бірінші жоба болып табылуында.
Жобаның табысты іске асырылуы және оның тұрақты жұмысы салада бірнеше ондаған жыл бойы еңбек етіп келе жатқан өз ісінің кәсіпқойларынсыз мүмкін болмас еді.
Бүгінгі кездесу – оның дәлелі, себебі сұхбаттастар «Dosjan temir joly» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Марат Жолдыұлы Медеубаев және «Dosjan temir joly» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Борис Александрович Исинаманов болады.
Борис Александрович – жүйеде 55 жылдан артық қызмет еткен, темір жол саласының шебер ардагерлерінің бірі!
Оның тікелей қатысуымен Қазақстанда жүздеген километр темір жолдар салынды.
Қазақстанның батысындағы Хромтау – Алтынсарин учаскесі – алғашқылардың бірі. Содан кейін Жетіген-Хоргос, Шалқар-Бейнеу, Жезқазған-Сексеуіл учаскелерінің құрылысына қатысу. Жұмысындағы қол жеткізген табыстары үшін «Құрмет белгісі» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, сондай-ақ, «Құрметті теміржолшы» атағымен марапатталған.
Марат Жолдыұлы Медеубаев ұзақ жылдар бойы Республиканың локомотив шаруашылығын басқарған, «Құрмет» орденімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған, «Болат жолдың даңқты еңбеккерлері» Құрмет кітабына» енгізілген, салада 35 жыл еңбек еткен және Қазақстанның темір жолындағы жұмысын жалғастыруда.
Марат Жолдыұлы, Шар – Өскемен учаскесі – концессиялық негізде пайдаланылатын, жеке меншік капиталды кірістірумен салынған Қазақстан Республикасының тарихындағы алғашқы жоба. Бұдан бұрын Қазақстанда темір жолы мемлекет есебінен ғана салынғанын есепке ала отырып, мұндай тәуекел ақталды ма?
М.Ж.: Отандық темір жол саласының ғасырлық тарихы бар. Қызметінің бүкіл кезеңінде ол еліміздің аумағында, сондай-ақ, одан тыс жүк және жолаушылар тасымалын іске асыру бойынша маңызды мемлекеттік міндеттерді орындаған және орындауды жалғастыруда.
Ол кезеңде экономиканы тек мемлекет есебінен ғана дамытудың қаншалықты ауыр болғанын барлығымыз білеміз.
Инвестициялар тарту қажет болды. ҚР Үкіметі осыны қарастыратын Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірледі.
2005 жылдың наурыз айында Стратегияға сәйкес, Үкімет Қаулысымен негізгі мақсаты Шар-Өскемен темір жол желісін салу бойынша жобаны іске асыру болып табылатын «Dosjan temir joly» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) құрылды, ал 2009 жылы жүк, содан кейін жолаушылар қозғалысы ашылды.
Желі құрылысы Ресей Федерациясымен шекараны кесіп өту кезінде жүргізілетін ұзақ кедендік және шекаралық шаралардан құтылуға мүмкіндік беріп, жүктер мен жолаушыларды тағайындау орнына жеткізуді 10-15 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Б.А.: Қазіргі уақытта темір жол учаскесі бойынша жылына 9 млн тоннаға жуық жүк тасымалданады. Өңірдің тасымалдаудағы қажеттілігі тұрақты түрде өсіп келе жатуына, контейнерлік тасымалдар санының артуына байланысты, оны арттыруға алғышарттар бар.
Республиканың ірі кәсіпорындарының бірі – Казцинк та жүктерін Шар-Өскемен учаскесі арқылы тасымалдайтынын атап өткім келеді.
Сондай-ақ, учаскеде жолаушылар қатынасы, оның ішінде, жүрдек қатынас ұйымдастырылған, ол жолаушыларды Шығыс өңірінен Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Павлодар қалаларына және т.б. дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні Шар-Өскемен темір жол желісін пайдаланатын Компанияны экономика «локомотиві» болып табылатын және Шығыс Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің қатарына кіретін тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорын деп атауға болады.
Кез келген кәсіпорын қызметінің басында белгілі қиындықтармен кездеседі. Мұндай қиындықтар «Dosjan temir joly» компаниясында болды ма?
М.Ж.: Шындықты айтқанда, тасымалдаудағы және жалпы экономикадағы оң динамикаға Компания бірден келген жоқ.
Өзіңіз атап кеткендей, Шар-Өскемен темір жол учаскесін салу – жеке меншік капиталды кірістірумен, концессия схемасы бойынша іске асырылған Қазақстанның көлік саласындағы алғашқы жоба.
Құрылыс кезеңінде де, пайдалану кезеңінде де қиындықтар болды.
Заңнамалық база аз дамыған болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан Ұлттық тасымалдаушымен, жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен өзара әрекеттесу бойынша Техникалық құжаттама болған жоқ.
Кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін қандай қадамдар қабылданды? Қандай да бір мақсаттар, міндеттер қойылды ма?
М.Ж.: Компания жұмыс істеді, бірақ теріс нәтижемен.
Қызметін іске асыру барысында тапқан табысының барлығы кредиттерді өтеуге және облигацияларды сатып алуға жұмсалды.
Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, «Dosjan temir joly» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған, яғни, концессия мерзімінің аяқталуына дейін және толық көлемде іске асырылуына дейін Даму стратегиясын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Солайша, Компания алдына кейінгі табысты өндірістік және қаржылық қызмет үшін белгілі мақсаттар мен міндеттер қойылды.
Біріншісі – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы барлық қағидалармен ережелерді және қауіпсіздік техникасын мінсіз орындау арқылы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер төсемін күрделі жөндеу және рельстік жолтабан күйін 40 балдан жоғары емес деңгейде сақтау.
Екіншісі – темір жол желісін пайдалануға көзделу және аутсорсингке тапсыру арқылы бейінді емес қызмет түрлерін жүргізуді тоқтату. Стратегияның бұл міндеті 2005 жылы қол қойылған, темір жол желісін пайдалануға мердігерлік ұйымдарды тартуды қарастыратын Концессиялық келісімге толық сәйкес келетінін атап кеткен жөн.
Осыған байланысты, 2018 жылдың ортасында темір жол желісін ұстау және 2019 жылы кейбір бизнес-процестерді басқару аутсорсингке тапсырылды.
Қаржылық тұрғыдан бүгінде Компанияның негізгі мақсаттары мен міндеттері келесідей:
Операциялық шығындар құрылымын оңтайландыру және оларды жүк айналымына байланыстыру арқылы сыйақылар бойынша төлемдерді қамтамасыз ету үшін қаржылық негіз қалыптастыру, әзірленген қаржылық-экономикалық үлгіге сәйкес концессиялық келісім мерзімінің аяқталуына дейін концессионердің негізгі қарызын толық өтеу;
дивидендтер төлеу арқылы Қоғам акционерлеріне инвестицияларды қайтару.
Менің түсінуімше, бұл ұзақ мерзімді жоспарлар. Нәтижелерді қашан күтуге болады?
Б.А.: Аталған міндеттерді орындау оларды жүзеге асыруды бастаудан бір жылдан кейін нәтиже бергенін атап кеткім келеді.
Жол жағдайының оң динамикасы айқын дәлел болып табылады.
Солайша, 2017 жылы жол жағдайының орташа балы 48 балл, 2018 жылы – 36,5 балл деңгейінде болса, 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 26 дейін төмендеді.
Темір жол саласынан бейхабар адамдар үшін қарапайым тілмен айтқанда, «екпінділер» қатарынан темір жол желісі «үздіктер» қатарына ауысты және мұндай бағаны ай сайын адамдар емес, техника береді.
М.Ж.: Пайдаланушылық шығындарды оңтайландыру, бейінді емес қызмет түрлерін аутсорсингке тапсыру және материалдық қорларды тиімді пайдалану есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендету бойынша қабылданған шараларды есепке ала отырып, Стратегияның негізгі мақсаттарына қол жеткізілді, олар оң экономикалық көрсеткіштерге шығуға мүмкіндік берді.
Солайша, 2018 жылы қызметтен алғаш рет таба пайда түсіріліп, 1 млрд теңге мөлшеріндегі негізгі облигациялық қарызды ішінара сатып алуға, сондай-ақ, облигациялар мен қарыздар бойынша міндеттемелерді уақытында орындау үшін ақшалай қаражатты жинақтауға мүмкіндік берді.
Компания қызметіндегі маңызды сәт – облигациялық қарыд бойынша дефолтқа жол берілмеуінде, себебі он үш купондық кезеңде, яғни, 13 жылдың ішінде міндеттемелерді орындамау үшін тоғыз дефолтқа жол берілді, олардың бесеуі республикалық бюджет есебінен қаражат тартумен төленді.
Жалпы, концессия мерзімінің аяқталуына дейін Даму стратегиясын іске асырудан экономикалық әсер 1 млрд теңгеден асуы күтілуде.
Сәйкес кадрлық әлеуетсіз Компанияның бүгінгі күні осындай нәтижеге жетуі екіталай. Бұл мәселені «Dosjan temir joly» қалай шешеді?
Б.А.: Темір жол желісінде, өндірісте де, басқарушы қызметкерлер арасында да бүгінгі күні Шар-Өскемен темір жол желісінің тұрақты жұмысын бірінші күннен бастап қамтамасыз етіп келе жатқан мамандар жұмыс істейді.
Бірақ Компания жас мамандарды да белсенді кірістіруде.
Менің ойымша, бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған.
Бұл – жас мамандар үшін міндетті оқыту да, барлық бағыттағы қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру да.
Одан басқа, Даму стратегиясын іске асыру және қоғамның тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін әрбір қызметкер үшін қызметінің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) және еңбек нарығының стандарттарына сай ынталандыру жүйесі енгізілген.
Әкімшілік қызметкерлерден бастап өндірістік қызметкерлерге дейінгі ұйымдық құрылымның барлық деңгейлерінде Ұжымдық шартпен қарастырылған әлеуметтік пакет қамтамасыз етіледі, сондай-ақ, адал еңбекті ынталандыру жүйесі жұмыс істейді.
Солайша, соңғы екі жылда үздік болған жұмыс нәтижелері Компанияның дұрыс бағытта қозғалып келе жатқанын көрсетеді.
Қоғам теміржолшылары қойылған міндеттерді лайықты орындауда, ал олардың орындалуынан кейін кейбір өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша тұрақты оң динамика күтілуде.
Солайша, жүк айналымының жыл сайынғы өсімі 2-3% деңгейінде, ал тасымалдан түскен табыс өсімі 7-8% деңгейінде болжануда, ол Компанияға ең алдымен Үкімет, акционерлер және жеке меншік инвесторлар алдындағы облигациялық және кредиттік міндеттемелерін уақытында орындауға, сондай-ақ, активтерді жаңартуға, темір жол көлігі саласындағы жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге белгілі шығындар қарастыруға мүмкіндік береді.
М.Ж.: Жағдайды пайдалана отырып, барлық қазақстандықтарды келе жатқан мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді! Бұл мейрам мемлекетіміздің бостандығы мен күш-қуатының символы болып саналады. Тәуелсіздік алғалы біз әлемге танылып, үлкен ілгерілеуге қол жеткіздік. Бүгінде еркіндік, табыстылық және жеңіс рухын сіңірген жаңа буын өсуде.
Бұл буын игі істерімен және жетістіктерімен Қазақстанымыздың даңқын асырады!
Сіздерге зор денскулық, амандық және тұрақтылық тілеймін! Сіздердің үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсініктіс болсын, ал еңбектеріңіз көп пайда тигізсін.