Телекөпір режиміндегі жұмыстарды ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ресми түрде бастады.
Жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылуда. Жаңа желіні салу барысында Қытаймен бақты – Чугучак үшінші шекара өткелін ашу жоспарлануда.
Жалпы, Бақты-Аягөз теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 28-ден 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, Оңтүстік өткізу пункттерін түсіруге және транзиттің қосымша көлемін тартуға мүмкіндік береді. Екі жолды теміржол 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автожол өткелдері, 5 жаяу көпір, 16 байқау құрылыстары салынады. Ол үшін отандық өндірушілерден 500 мыңнан астам шпал мен 36 тонна рельс сатып алу жоспарлануда.
Магистраль құрылысы 1700-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.