Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – «Көлік қызметкерлері күнімен» құттықтаймын!
«Шар-Өскемен» темір жол желісі - Шығыс өңірі үшін ғана емес, бүкіл ел үшін экономиканы нығайтуға стратегиялық маңызы бар Қазақстан Республикасы Көлік жүйесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.
"Dosjan temir joly" АҚ ең алдымен «Шар – Өскемен» учаскесінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар мен заманауи техниканы енгізетін, халық шаруашылығы жүктері мен жолаушыларын тасымалдау бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыратын жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Сіздердің жоғарғы кәсібиліктеріңіз, тәжірибелеріңіз, өз істеріңізге адалдықтарыңыз алдағы уақытта да осы саланың алдында тұрған жауапты міндеттерді шешуге ықпал ететініне сенімдімін.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық және жұмыста жаңа табыстар тілеймін! Сіздерге және отбасыларыңызға бейбітшілік, өзара түсіністік және де барлық жақсылықтарды тілеймін!