Бұрсақ айрығы бекетінің жұмысшылары, филиалдың техникалық саясат бөлімі, компанияның орталық аппараты және «СпецСервис – Құрылыс» ЖШС қызметкерлерінің сауатты әрекетінің арқасында 2 сағатқа созылған 2 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді және оның одан әрі таралуына тосқауыл қойылды.
Өртті сөндіруге, сол арқылы вокзал мүлкін сақтауға және пойыздардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге атсалысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз.